Бүгін еліміздің қос бас қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанның екі қаласында 2026 жылғы 20 маусымда ауаның ластану деңгейі жоғары болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"20 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 20–22 маусымға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript