Қазақстанда бетті жабуға қатысты шектеу: 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 12:37 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ІІМ) бет-әлпетті толық жауып жүруге қатысты жауапкершілік бар екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл талап "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңның 75-бабының 3-тармағында көзделген.

Аталған нормаға сәйкес, адамның жүзін визуалды түрде тануға кедергі келтіретін киім немесе басқа да заттарды кию құқық бұзушылық болып саналады.

Сонымен қатар, бұл шектеу ауа райына, медициналық көрсеткіштерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.

Жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабымен белгіленген. Бірінші рет ескерту беріледі, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

ІІМ баспасөз қызметі бұл шектеу тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындарына 8,6 млн теңгеге дейін айыппұл немесе қылмыстық жаза қарастырылуы мүмкін жағдайлар туралы ескертілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: