Қазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді

Семья, родители, родитель, дети, ребенок, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 10:53 Фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 17 маусымдағы бұйрықпен отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалау кезінде қолданылатын бірқатар көрсеткіштерді есептеу тәртібі нақтыланған.

Атап айтқанда, "Несиелік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы немесе болмауы" критерийі бойынша балдар мынадай тәртіппен белгіленеді:

  • 90 күннен астам мерзімі өткен және 1000 теңгеден жоғары берешек болмаса – 0 балл;
  • отбасының (адамның) кәмелетке толған бір мүшесінде 90 күннен астам мерзімі өткен және 1000 теңгеден жоғары берешек болса – минус 250 балл;
  • отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінде осындай берешек болса – минус 500 балл.

"Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі" критерийі бойынша:

  • тұрғын үйі жоқ болса – минус 200 балл;
  • бір тұрғын үйі бар және бір адамға шаққандағы алаңы 18 шаршы метрден аз болса – минус 80 балл;
  • бір тұрғын үйі бар және бір адамға шаққандағы алаңы 18 шаршы метрден көп болса – 0 балл;
  • екіден үшке дейін тұрғын үйі болса – 100 балл;
  • үштен алтыға дейін тұрғын үйі болса – 400 балл;
  • алтыдан он бірге дейін тұрғын үйі болса – 1000 балл;
  • он бірден көп тұрғын үйі болса – 2000 балл.

Ал "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы немесе болмауы" критерийі бойынша:

  • жеке қосалқы шаруашылығы жоқ болса – 0 балл;
  • құны 500 мың теңгеге дейінгі жеке қосалқы шаруашылығы болса – 50 балл;
  • құны 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін болса – 150 балл;
  • құны 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін болса – 350 балл;
  • құны 2 млн теңгеден асатын жеке қосалқы шаруашылығы болса – 600 балл.

Бұйрық 2026 жылғы 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: