Шымкентте қарбыз алқабының арасына жасырылған есірткі плантациясы анықталды

Ішкі істер министрлігі заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес аясында Шымкент қаласында ірі есірткі плантациясын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 10:05 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрлігі заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес аясында Шымкент қаласында ірі есірткі плантациясын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында каннабис тобындағы есірткіні заңсыз өсіру және дайындау фактісі әшкереленген.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, күдікті өз үйінің аумағында есірткі өсіруден бастап, оны өңдеп, сатуға дейінгі толық процесті ұйымдастырған.

"Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Шымкент қаласы тұрғынының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Ол өз үйінің аумағында "гашиш" пен "марихуана" секілді каннабис тобындағы есірткіні өсіруден бастап, дайын өнімді сатуға әзірлеуге дейінгі барлық процесті ұйымдастырған. Тінту барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының арасына жасырылған құрамында есірткісі бар шамамен 130 түп өсімдік табылды. Сондай-ақ шаруашылық құрылыстарынан 330 келіден астам есірткі шикізаты және сатуға дайындалып, буып-түйілген өнім тәркіленді", – деді Елдар Әбдікенов.

Оның сөзінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы, есірткіні өткізу арналары және заңсыз схемаға қатысы болуы мүмкін өзге де күдіктілер анықталып жатыр", – деп толықтырды комитет төрағасының орынбасары.

ІІМ заңсыз есірткіні өсіру, өндіру және тарату деректерін анықтау мен олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: