Әскери міндеттілерге шақырту келеді: биыл 3 мың адам оқу-жаттығуға қатысады

Әскери міндеттілерге шақырту келеді: биыл 3 мың адам оқу-жаттығуға қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 11:38 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылы жоспарлы оқу-жаттығу жиындарына запастағы 3000 әскери міндетті азамат тартылады. Бұл туралы 29 маусымда Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқу-жаттығу жиындары запастағы әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлық деңгейін сақтау және жетілдіру, практикалық машықтарын жаңарту, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеру, сондай-ақ Қарулы күштердің жұмылдыру дайындығын нығайту мақсатында өткізіледі.

Қатысушыларды іріктеу жергілікті әскери басқару органдары тарапынан армияның нақты әскери-есептік мамандықтары бойынша қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте дайындық деңгейі, денсаулық жағдайы және заңнамада белгіленген өзге де талаптар ескеріледі. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Азаматтар арнайы шақырту негізінде шақырылады. Оны алған тұлғалар көрсетілген орынға белгіленген мерзімде келуге міндетті. Келмеген жағдайда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (21 625 теңге).

Заңнамаға сәйкес, бұл іс-шараларға тартылмайтын азаматтар санаты айқындалған. Олардың қатарында оқу жылы кезеңіндегі педагогтар, күндізгі бөлімде білім алушылар, кәмелетке толмаған үш және одан да көп баласы бар ата-аналар, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңында көзделген өзге де санаттар бар.

Дайындық мерзімі бір айға дейін созылады. Осы уақыт аралығында қатысушылар азық-түлікпен, киім-кешекпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Жаттығу өтетін орынға бару және кері қайту Қорғаныс министрлігінің есебінен ұйымдастырылады.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған:

  • Азаматтардың жұмыс орны мен атқарған қызметі сақталады.
  • Жұмыс істейтіндерге заңнамаға сәйкес орташа жалақы төленеді.
  • Ал жұмыссыз азаматтарға бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақы беріледі.
  • Жиын уақыты жалпы еңбек өтіліне есептеліп жазылады.

Жоспарлы оқу-жаттығу жиындары "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 33-бабы 1-тармағына сәйкес өткізіледі және елдің жұмылдыру резервін даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: