Қазақстанда аптап ыстық басылады: кей өңірлерде ауа температурасы +18 градусқа дейін төмендейді

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 12:18 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы салқындайтынын болжады. Мамандардың мәліметінше, 2026 жылғы 30 маусым – 2 шілде аралығында ел аумағында аптап ыстық біршама бәсеңдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Осыған байланысты күндізгі ауа температурасы төмендейді:

  • елдің батысы мен солтүстік-батысында – +18...+28°C; солтүстік өңірлерде – +22...+30°C; оңтүстікте аптап ыстық біршама басылып, +23...+35°C болады.
  • Ал шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы тұрғындары мен қонақтарына ауадағы зиянды заттардың мөлшері артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: