ХҒС-қа ұшатын "Союз МС-29" экипаждары Байқоңырға келді

ХҒС-қа ұшатын «Союз МС-29» экипаждары Байқоңырға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 09:13 Сурет: Telegram/Роскосмос
29 маусымда "Союз МС-29" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипаждары Байқоңырға келді.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, ғарышкерлердің келуі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшуға дайындықтың соңғы кезеңіне байланысты. Қрайний әуежайында оларды техникалық басшылық пен мемлекеттік комиссия мүшелері қарсы алды.

"Экипаж командирлері ұшу бағдарламасын орындауға және "Союз МС-29" ғарыш кемесін қабылдауға дайын екендіктері туралы басшылыққа баяндады", – делінген хабарламада.

Ғарыш миссиясын ұшыру 14 шілдеге жоспарланған.

Еске салайық, 2026 жылғы 9 маусымда Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік туристердің "Байқоңыр" ғарыш айлағына баруына рұқсат алу тәртібі жеңілдетілгенін мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: