Президент барлық шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенат депутаттарына ризашылығын білдірді

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 13:07 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазіргі депутаттық құрамның мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалады.

Президенттің айтуынша, осы шақырылымдағы Парламент заң шығару қызметінде бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп, Әділетті Қазақстанның құқықтық негізін қалауға елеулі үлес қосты.

"Әлгінде айтып өткенімдей, осы шақырылымдағы Парламент депутаттары заң шығару ісінде сапалы жұмыс атқаруымен есте қалады. Депутаттар корпусы өз қызметінде бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті. Сіздер Әділетті Қазақстанның негізін қалау үдерісіне, сондай-ақ Конституцияны әзірлеп, қабылдауға зор үлес қостыңыздар", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, жаңа Конституцияны әзірлеуге қатысқан депутаттар мұны келешек ұрпақ алдында мақтанышпен айта алады.

"Кез келген депутат саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің келесі буынына, балалары мен немерелеріне: "Мен 2026 жылы қабылданған Конституцияны дайындауға тікелей қатысқанмын" деп еш ұялмай айта алады", – деді Президент.

Мемлекет басшысы депутаттық корпустың парламенттік реформаны толық қолдап, саяси және азаматтық жауапкершілік танытқанын атап өтті. Оның айтуынша, Конституциялық комиссия құрамында болған депутаттар азаматтармен кездесіп, жаңа реформалардың мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндірген.

Сондай-ақ Президент жалпыхалықтық референдумнан кейін Парламент жаңа Конституция талаптарына сай заңнаманы қысқа мерзімде жаңартқанын айтты.

"Өте қысқа мерзімде еліміздің заңнамасын жаңа Конституция нормаларына сай өзгерту жұмысын атқардыңыздар. Атап айтқанда, Парламент 9 заң топтамасын, соның ішінде 6 конституциялық заңды шұғыл әзірлеп, қабылдады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: