Тоқаев: Қазақстанда былтыр рекордтық көлемде тұрғын үй салынып, агроөнеркәсіп пен фармацевтикада өсім байқалды

Ключи от новых квартир, ключи от новой квартиры, новая квартира, ключи от новых домов, ключи от нового дома, новые дома, новый дом, новоселье, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 13:22 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында құрылыс, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және фармацевтика салаларындағы негізгі нәтижелерге тоқталды.

Президенттің айтуынша, елімізде стратегиялық маңызы бар салаларды дамытуға бағытталған жаңа Құрылыс және Су кодекстері қабылданды.

"Сонымен қатар елімізде түбегейлі жаңа Құрылыс және Су кодекстері қабылданды. Стратегиялық маңызы айрықша салаларды ретке келтіру үшін қабылданған құжаттардың маңызы зор", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш және мыңдаған отбасының баспаналы болуына мүмкіндік берген.

Президент ауылдық аумақтарды дамытуға да ерекше назар аударылып отырғанын айтты. Биыл шалғай елді мекендерде тұратын жарты миллионнан астам адамды ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске асырылмақ.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларына да тоқталды. Оның мәліметінше, өткен жылы агроөнеркәсіп кешеніне жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлініп, шаруалар алғаш рет жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен ұзақмерзімді қаржы алу мүмкіндігіне ие болды.

Президенттің айтуынша, осы қолдау шараларының нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнім көлемі шамамен 10 триллион теңгеге жеткен. Ал ауыл шаруашылығы экспорты 1,3 есеге өсіп, 7 миллиард долларды құрады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар саласының, әсіресе фармацевтика индустриясының қарқынды дамып келе жатқанын да атап өтті.

"Фармацевтика индустриясына сенім деңгейі бойынша Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында көш бастап тұр. Мұндай бағаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы беріп отыр", – деді Президент.

Мемлекет басшысының мәліметінше, бүгінде отандық дәрі-дәрмек нарығының көлемі 1 триллион теңгеден асып, кейінгі үш жылда бұл салаға тартылған шетелдік инвестиция көлемі үш еседен астам өскен.

Сонымен бірге Президент қол жеткізілген нәтижелерге тоқмейілсуге болмайтынын айтып, алдағы міндеттерді орындауға күш салу қажеттігін атап өтті.

"Алайда, бұған мәз болып отыра беруге болмайды, алдымызда тұрған міндет аз емес, қойылған мақсаттарға міндетті түрде жетуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: