Парламенттің әрбір шақырылымы ұлтымыздың эволюциялық өрлеу жолының жарқын үлгісіне айналды – Тоқаев
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші шақырылым депутаттарының қызметіне тоқталып, олардың заң шығару және қоғаммен байланыс бағытындағы жұмысына жоғары баға берді.
Президенттің айтуынша, осы шақырылымдағы депутаттар Үкіметке 2 мыңнан астам депутаттық сауал жолдаған.
"Сегізінші шақырылым депутаттары Үкіметке 2 мыңнан астам сауал жолдады. Сондай-ақ 31 Үкімет сағатын және 9 Парламент тыңдауын өткізді. Қос палатаның комитеттері белсенді әрі жемісті жұмыс істеді", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкеннен кейін заң шығарушы органның комитеттері де мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына сәйкес құрылуы қажет екенін айтты.
Президент депутаттық корпустың азаматтармен тиімді әрі ашық байланыс жүйесін қалыптастырғанын атап өтті. Оның айтуынша, депутаттар партиялық жобаларды жүзеге асырып, өңірлерге тұрақты түрде барып, тұрғындармен кездесулер өткізген. Қоғамдық қабылдаулар барысында көтерілген мәселелердің шешімін табуға ықпал еткен.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Парламенттің беделді ғалымдар, сарапшылар және қоғам белсенділері бас қосатын маңызды алаңға айналғанын айтты.
"Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата осы бірегей зияткерлік экожүйенің берік тірегі болды. Бұл құрылымдар сындарлы диалогті дамытып, заң жобаларын жан-жақты талдауға жол ашты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript