Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзғаны үшін 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 09:13 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі терроризм тұрғысынан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

2026 жылдың 5 айында ішкі істер органдары терроризм тұрғысынан осал 2 665 объектіні тексерді. Оның ішінде 2 458-і жоспарлы, 207-сі жоспардан тыс тәртіппен жүргізілді.

Тексерілген нысандардың 72%-ында терроризмге қарсы қорғалу деңгейі белгіленген талаптарға сәйкес келді. 736 объектіде заңбұзушылықтар анықталып, олардың басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін 263 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 118 миллион теңгеден асты.

Түсіндіру жұмыстарымен 3,2 мыңнан астам объект басшысы мен меншік иесі қамтылса, оқу іс-шараларына 237 мыңнан астам қызметкер қатысты.

Сонымен қатар 48 нұсқаулыққа ревизия жүргізіліп, объектілерді күзету талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: