Каспийдегі мұнай-газ нысандарының терроризмге қарсы қорғанысы күшейтіледі

НПЗ, нефтеперерабатывающий завод, переработка сырой нефти, нефть, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 12:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі 2026 жылғы 6 тамыздағы бұйрығымен ведомствоның қарамағындағы терроризм тұрғысынан осал мұнай-газ саласы нысандарын терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа бірқатар жаңа талап енгізілді. Атап айтқанда, Каспий теңізінің қазақстандық секторында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ саласының субъектілері теңіз жедел штабының сұрауы бойынша өндірістік нысандарға жақын жерден оның күштері мен құралдарын орналастыруға арналған орын бөлуге міндетті.

Бұл талап нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған. Штаб күштері мен құралдарын орналастыруға байланысты тікелей шығындарды мұнай-газ нысандарының меншік иелері, иелері, басшылары немесе жауапты лауазымды тұлғалары өтейді.

Теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын өндірістік нысандарға жақын маңдағы жылжымалы теңіз құралдарына орналастыруға да рұқсат етіледі.

Оларды орналастыру орны мынадай талаптарға сай болуы керек:

  • кемінде 10 қызметкерді орналастыру мүмкіндігі;
  • тікұшақ алаңының болуы;
  • теңіздегі өндірістік нысандардан 23 шақырымнан аспайтын қашықтықта орналасуы.

Теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын орналастыруға және олардың жұмыс істеуіне жұмсалған, құжатпен расталған қаражат тікелей шығындарға жатқызылады.

Мұндай шығындардың тізбесі, көлемі, оларды төлеу және өтеу тәртібі Қазақстанның азаматтық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалады.

Бұйрық 2026 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: