Алдағы демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 16:53 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4–6 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 4 шілде: Ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +25...+27°C.
  • 5 шілде: Құбылмалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
  • 6 шілде: Құбылмалы бұлтты. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Алматы

  • 4 шілде: Құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +24...+26°C.
  • 5 шілде: Құбылмалы бұлтты. Түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні кейде 13 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C.
  • 6 шілде: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 3–8 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

Шымкент

  • 4 шілде: Құбылмалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +26...+28°C.
  • 5 шілде: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 8–13 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
  • 6 шілде: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: