Ұлттық мүдделер басымдыққа ие. ҚР Энергетика министрлігі бензинді көрші елдерге экспорттау мүмкіндігі туралы

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, повышение цен на бензин, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 15:10 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 2026 жылғы 7 шілдеде Үкіметтегі брифингте Ресей мен Қырғызстандағы бензин тапшылығына байланысты жағдайға түсініктеме берді.

Журналистер көрші мемлекеттерден Қазақстанға бензин экспорттау жөнінде ресми өтініш түскен-түспегенін сұрады.

"Жоғарыда айтқанымдай, Ресей тарапынан ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Ал Қырғызстаннан ресми сұраныс келіп түсті, қазір оны қарап жатырмыз", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Вице-министрдің айтуынша, барлық шешімдер ең алдымен Қазақстанның ұлттық мүддесі мен ішкі нарықтағы теңгерімді ескере отырып қабылданады.

"Сұранысты қанағаттандыру ішкі нарықтағы жанармай бағасының өсуіне әкелмейді. Мұны ресми түрде мәлімдеймін. Қырғызстанның өтінішін жақын арада қарап, тиісті жауап береміз", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзарту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: