Бурабайдағы демалыс қайғылы аяқталды: 22 жастағы астаналық қыз квадроцикл апатынан қаза тапты

Скала Окжетпес, скала Жумбактас, Государственный национальный природный парк Бурабай, Боровое, туристы, туризм, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 10:18 Фото: wikimedia/Дмитрий Доценко
Бурабайда жалға алынған квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық қыз қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 7 шілдеде Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы автожолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Астананың 22 жастағы тұрғыны квадроциклді басқара отырып, көлікті аударып алған.

"Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Ал квадроциклдің 2007 жылы туған жолаушысы, Астана қаласының тұрғыны, медициналық көмекке жүгінді", – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Оның ішінде квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, мотокөлікті жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін өзге де себептер тексерілуде.

Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын квадроциклдер мен өзге де мотокөліктерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

"Жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығына көз жеткізу, қорғаныс құралдарын пайдалану, белгіленген қауіпсіз жылдамдықтан аспау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет", – деп ескертті ведомство.

Еске салайық, бұған дейін 7 шілде күні таңертең Ресейдің Алтай Республикасындағы Белый Бом ауылының маңында автокөлік аударылып, төрт қазақстандықтың зардап шеккені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: