Қазақстандықтарға қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған ақылы тестілеу басталғаны ескертілді
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуіне өтінім қабылдау басталды.
Тестілеу 2026 жылғы 14 шілдеде Астана және Алматы қалаларында электронды форматта өтеді.
Өтінімдерді қабылдау 10–13 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
Тіркелу үшін:
- жеке кабинет ашу;
- "Өтінім беру" бөлімін таңдау;
- одан кейін "Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ" бөлімін таңдап, сертификаттық тестілеуге қатысуға өтінім рәсімдеу қажет.
Емтихан төрт бөлімнен тұрады:
- тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
- оқылым – 40 тапсырма (50 минут);
- жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
- айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестілеудің төрт бөлімі бойынша да белгіленген шекті балды жинау қажет.
"Жазылым" және "Айтылым" бөлімдері бойынша нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде қатысушының сайттағы жеке кабинетінде жарияланады.
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылғы 8 шілдеде, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі елдегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде "Келешек мектептерінде" де 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатқанын еске салған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript