Алатау қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Сурет: Алматы облысының прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Алатау қаласының прокуроры қызметіне Бауыржан Молдажан тағайындалды.
Бұл туралы 2026 жылғы 10 шілдеде Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.
Бауыржан Молдажан прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2007 жылғы сәуірде Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары ол Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры және аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі, сондай-ақ Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
Сыныптық шені – әділет аға кеңесшісі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 7 шілдеде Мемлекет басшысы Берік Асыловты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне қайта тағайындаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript