Таразда полицейлер 99 жастағы тұрғынның жеке куәлігін үйіне апарып табыстады

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 16:58 Фото: Zakon.kz
Қарттарға қамқорлық көрсету – полицияның күнделікті қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің қызметкерлері 99 жастағы қала тұрғынының жаңа жеке куәлігін уақтылы алуына көмек көрсетті.

1927 жылы туған қария қала тұрғыны жеке куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты, құжатын қайта рәсімдеу үшін көші-қон қызметіне жүгінген.

Полицейлер барлық қажетті құжаттарды жедел рәсімдеп, жаңа жеке куәлік дайын болғаннан кейін оны әдеттегі тәртіппен берумен шектелмей, қарияның үйіне барып табыстауды ұйғарды.

Полиция қызметкерлері қарт кісінің шаңырағына арнайы барып, салтанатты жағдайда жаңа жеке куәлігін табыс етті. 99 жастағы қария үшін мұндай қамқорлық ерекше әсер қалдырды. Өз кезегінде қария полиция қызметкерлеріне көрсеткен ілтипаты мен көмегі үшін шынайы алғысын білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тіледі.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Әсіресе егде жастағы адамдарға және денсаулық жағдайына байланысты полиция бөлімшесіне өздігінен келе алмайтын азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметтер олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша көрсетіліп, әрбір азаматтың қажетті көмекті жедел әрі қолайлы жағдайда алуына мүмкіндік жасалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: