Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің көлемі артты

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 14:06 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында автокөлік транзитінің көлемі артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр 2020 жылдан бергі көрсеткіштерге тоқталды.

"Автокөлік транзиті саласында оң динамика байқалып отыр. 2020 жылдан бері автокөлік транзитінің көлемі үш есеге артты", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Министрдің айтуынша, автокөлік тасымалының әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында республикалық бейнемониторинг жүйесін енгізу, саланы цифрландыру және жүргізушісіз көлік технологияларын пайдалану бар.

"Қазіргі уақытта елімізде стратегиялық көлік байланысын қамтамасыз ететін жеті халықаралық автокөлік дәлізі жұмыс істеп тұр. 2029 жылға дейін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған", – деп қосты Көлік министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік транзиті туралы заңға қол қойған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: