Алматыда Шухов атындағы скверде жасыл аймақ пен спорттық инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Алматының Медеу ауданындағы Шухов атындағы скверде кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 10:46 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданындағы Шухов атындағы скверде кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Аумақта 26 мың шаршы метр алаң көгалдандырылды, құнарлы топырақ төселді. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесінің құрылғылары орнатылуда, қазірдің өзінде 5,6 шақырымға жуық магистральдық құбырлар тартылды.

Алаңда ескірген шағын сәулет пішіндері, жабындар, балалар, футбол және баскетбол алаңдарының қоршаулары алынып тасталды. Олардың орнына жаңа спорттық, жаттығу және ойын элементтері орнатылады.

Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: