Қайғылы статистика: Қазақстанда жыл басынан бері 69 бала суға кеткен

Знак купание запрещено, купание запрещено, запрет на купание, запрещено купаться , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 12:04 Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде шомылу орындарында 69 бала қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде тіркелді.

Сондай-ақ, тағы бір себеп – ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы.

Бұл ретте, тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны да атап өтілді. Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам азамат жауапкершілікке тартылған.

Осыған байланысты министрлік келесі қауіпсіздік шараларын ескертеді:

  • Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар,
  • балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар,
  • оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер,
  • аптап ыстықтан кейін, бірден суық суға түспеңіздер.

Бұған дейін өз туған күнінде жоғалып кеткен жас жігіттің денесі Каспий теңізінен табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: