Қазақстан мен Қытайдың ірі мегаполистерінің бірі арасында жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Алматы – Чунцин – Алматы бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 16:22 Сурет: pixabay
Қазақстандық FlyArystan лоукостері Алматы – Чунцин – Алматы бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы рейс 2026 жылғы 23 қыркүйекте орындалады.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер аптасына екі рет қатынайды:

  • Алматыдан – сәрсенбі және сенбі күндері;
  • Чунциннен – бейсенбі және жексенбі күндері.
  • Чунцин – Қытайдағы ең ірі мегаполистердің бірі. Қала жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайды.

Алматыдан Чунцинге дейінгі ұшу ұзақтығы шамамен бес сағатты құрайды.

Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 14 шілдеде, қазақстандықтар үшін Қара теңіз жағалауына жаңа тікелей әуе бағыты ашылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: