Алматыда жаппай төбелес туралы хабарлама полицейлерді аяқтан тік тұрғызды

Центр оперативного управления департамента полиции, центр оперативного управления ДП, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, правонарушители, телефон полиции, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 16:18 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда полицейлер жаппай төбелестің алдын алып, жанжалдың ушығуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мән-жайы туралы 2026 жылғы 22 шілдеде қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"102" пультіне Әуезов ауданындағы Ұлықбек пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында агрессивті көңіл-күйдегі адамдар тобы жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Алайда патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде жанжалға қатысушылар көліктерімен тарап кеткен. BMW және BYD маркалы автокөліктерге қатысты бағдар барлық сыртқы полиция жасақтарына дереу берілді. Алатау және Әуезов аудандары патрульдік полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде екі көлік те Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшесінің қиылысында жедел бұғатталды".

Белгілі болғандай, полицияға барлығы сегіз адам жеткізілді, олардың арасында бір әйел бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жеке қарым-қатынасқа байланысты туындауы мүмкін.

"Барлық қатысушы медициналық куәландырудан өтіп, Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен оның қалай өрбігені анықталып жатыр". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, тексеру қорытындысы бойынша әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бұған дейін Қостанай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: