Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі: не өзгерді

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 10:27 Фото: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, І сыныптағы гидротехникалық құрылыстарға (ГТҚ):

  • биіктігі 30 метрден асатын немесе су қоймасының көлемі 100 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
  • су өткізу қабілеті секундына 100 текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.

ІІ сыныптағы ГТҚ-ға:

  • биіктігі 20 метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі 50 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
  • су өткізу қабілеті секундына 50 текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.

ІІІ сыныптағы ГТҚ-ға:

  • биіктігі 10 метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі 20 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
  • су өткізу қабілеті секундына 20 текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.

IV сыныптағы ГТҚ-ға:

  • биіктігі 5 метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі 10 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
  • су өткізу қабілеті секундына 10 текше метрге дейінгі гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.

Сонымен қатар регламентке табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін әрі ықтимал қауіпті деп танылатын гидротехникалық құрылыстарға қатысты жаңа норма енгізілді.

Атап айтқанда, мұндай нысандарға І, ІІ және ІІІ сыныптағы ГТҚ, сондай-ақ қирауы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге, қоршаған ортаға залал тигізуге немесе жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтіруі мүмкін IV сыныптағы гидротехникалық құрылыстар жатқызылады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін әрі ықтимал қауіпті деп танылған гидротехникалық құрылыстарды пайдалану барысында олардың қауіпсіз күйін меншік иесі (иесі) көпфакторлы тексеру жүргізу арқылы қамтамасыз етеді.

Бұйрық 2026 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: