Креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді
Сурет: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 20 шілдедегі бұйрығымен креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізім мынадай креативті қызмет түрлерімен толықтырылды:
- веб-порталдар қызметі;
- радиохабар тарату;
- мәдениет саласындағы білім беру;
- жарнама агенттіктерінің қызметі;
- кітап шығару;
- баспа қызметінің өзге де түрлері;
- кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметі;
- кинофильмдерді көрсету қызметі;
- полиграфиялық өндірістің өзге де түрлері;
- тығыннан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру.
Бұйрық 2026 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript