Спорт мектептерінің қызметкерлері мен жаттықтырушыларына берілетін үстемақы өзгерді: кімдерге қатысты

Спорт, спортивный комплекс, спорткомплекс , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 12:22 Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Қазақстан Үкіметінің 2026 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін базалық лауазымдық жалақы (БЛЖ) 17 697 теңге мөлшерінде белгіленді.

Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайына байланысты төленетін үстемақылар мен қосымша ақыларға өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, мына ұйымдардың қызметкерлеріне:

  • Олимпиадалық даярлау орталығының;
  • балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің;
  • олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің;
  • мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің;
  • спорт колледждерінің;
  • спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың;
  • мектеп-интернат-колледждердің;
  • жоғары спорт шеберлігі мектептерінің;
  • олимпиадалық резервті даярлау орталығының;
  • дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының;
  • ұлттық және ат спорты түрлері орталығының;
  • Спортты дамыту дирекциясының;
  • спорт клубтарының қызметкерлеріне төмендегідей қосымша ақы белгіленді.

Қазақстан чемпионаттарында, Қазақстан спартакиадаларында, Қазақстанның жастар ойындарында және Қазақстан Паралимпиада ойындарында жүлделі орын алған спортшыларды даярлағаны үшін:

  • І орын – лауазымдық жалақының 1,5%-ы;
  • ІІ орын – 1%-ы;
  • ІІІ орын – 0,5%-ы мөлшерінде үстемақы төленеді.

Бұл норма республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне қолданылмайды.

Сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) І орын алған спортшыларды даярлағаны үшін қызметкерлерге лауазымдық жалақының 1%-ы мөлшерінде үстемақы белгіленді.

Бұл өзгеріс республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына, спорт колледждеріне және жоғары спорт шеберлігі мектептеріне қолданылмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: