Қазақстан колледждеріне спорт нысандарын жалға беруге рұқсат етілді

Спорт, спортивный комплекс, стадион, спорткомплекс, бассейн , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 13:46 Фото: akorda.kz
Қазақстан колледждері оқу процесінен тыс уақытта өздерінің спорт нысандарын жалға бере алады. Бұл туралы 2026 жылғы 24 шілдеде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тиісті өзгерістер "Білім туралы" заңға енгізілген. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек жалпы білім беретін мектептерге ғана берілген болатын.

Енді сабақ аяқталғаннан кейін қазақстандықтар колледждердің спорт залдарын, бассейндерін, стадиондарын және өзге де спорт нысандарын пайдалана алады.

"Спорт нысандарын жалға беруден түскен қаражат колледждердің спорт құрылыстарын күтіп ұстауға және жөндеуге, заманауи спорттық құрал-жабдықтар мен мүкәммал сатып алуға, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны дамытуға жұмсалады", – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі резидентура түлектерінің қорытынды аттестаттаудан жаппай өте алмағаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: