Тұрғындармен ашық диалог өз нәтижесін берді: Шымкентте жол қауіпсіздігі күшейтілді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 11:08 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары тұрғындармен тұрақты түрде ашық кездесулер өткізіп келеді. Мұндай форматтың басты мақсаты – азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап қана қоймай, оларды алаңдатқан мәселелерді жедел шешу.

Осындай кездесудің нақты нәтижесі Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың қала тұрғындарымен кездесуінде көрініс тапты.

Ашық диалог барысында тұрғындар мектептер, балабақшалар, ойын алаңдары және өзге де әлеуметтік нысандар маңындағы жол қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді көтерді. Азаматтар қосымша жол белгілерін орнатуды, жасанды жол кедергілерін қоюды және қауіпті учаскелердегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрады.

Тұрғындар көтерген барлық мәселе бірден қолға алынды. Көп ұзамай полиция қызметкерлері жетіспейтін жол белгілерін орнатып, қолданыстағы белгілерді жаңартты, жасанды жол кедергілерін қойды және қауіпті учаскелерде өзге де қажетті шараларды қабылдады.

Тұрғындардың айтуынша, кездесу барысында көтерілген мәселелер қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде шешімін тапқан. Асар-2 шағынауданының тұрғыны ойын алаңы, мектеп және балабақша маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін көтергенін айтты.

"Кездесуден кейін мәселе өте тез шешілді. Жасанды жол кедергілері орнатылып, жол белгілері жаңартылды. Жедел әрекет еткені үшін алғысымызды білдіреміз", – деді ол.

Осындай өтінішпен Мөлтек шағынауданының тұрғыны да жүгінген.

"Біздің өтінішіміз қысқа мерзімде қаралды. Қажетті жол белгілері мен жасанды жол кедергілері орнатылды. Қазір бұл жерде әлдеқайда қауіпсіз. Көмек көрсеткендеріңіз үшін рақмет", – деді тұрғын.

ІІМ-де әрбір өтініштің нақты нәтижеге ұласуы – Ішкі істер министрі Ержан Саденов алға қойған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ашық кездесулер барысында тұрғындар көтерген барлық мәселе бақылауда және "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: