Қазақстанда 450 мың бала мектепке дайындалуға көмек алады

Қазақстанда кейбір отбасыларға балаларын мектепке дайындау үшін мемлекеттен көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 31 шілдеде Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 11:26 Сурет: gov.kz
Қазақстанда кейбір отбасыларға балаларын мектепке дайындау үшін мемлекеттен көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 31 шілдеде Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Жалпыға міндетті білім беру" қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқкиім және оқу құралдарын сатып алуға көмек беріледі.

"2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдауға ие болады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге қарастырылған. Бір балаға көрсетілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге. Бұл былтырғыдан 10%-ға көп. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде төлем мөлшері бұдан да жоғары болуы мүмкін", – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, көмек мына санаттағы балаларға беріледі:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына;
  • өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға.

Төлем алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер білім беру ұйымына өтініш беріп, тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қыркүйекке аз уақыт қалды. Демек, мектеп формасын таңдайтын кез де жақындап келеді. Сан түрлі үлгінің арасынан сапалысын қалай таңдап, артық шығынға ұрынбауға болады? Zakon.kz тілшісі баланың бір оқу жылына жарайтын сапалы мектеп формасын таңдау жолдарын түсіндірген маманмен сұхбаттасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: