Тамыздың басында Қазақстанда аптап ыстық болып, бұршақ аралас нөсер жауады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 12:56 Фото: pixabay
Қазақстанда аптап ыстық сақталып, найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады.

"Ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын негізінен қысқа уақытқа созылып, жекелеген аумақтарда ғана жауады. Тек солтүстік және орталық өңірлерде бұршақ аралас қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Болжамға сәйкес, ең жоғары температура оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық облыстарда тіркеледі. Күндіз ауа температурасы +35...+40°C-қа дейін көтеріледі.

"Ал еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа райы өзгере бастайды. Ауа температурасы аздап төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы шілденің соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы бұзылатынын хабарлаған. Осыған байланысты еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: