"SMS-кодты айтуды сұрайды": қазақстандықтарға алаяқтардың көпсатылы әрекеті туралы ескертілді

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 16:43 Фото: freepik
Бүгін, 2026 жылғы 31 шілдеде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі алаяқтық әрекеттердің жиілеуіне байланысты қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар бірнеше кезеңнен тұратын алаяқтық тәсіл туралы айтып берді.

"Алаяқтардан сақ болыңыздар! Қоңырау шалған адам өзін байланыс операторының, eGov.kz порталының, мемлекеттік органның немесе банктің қызметкері ретінде таныстырса да, SMS арқылы келген кодты айтпаңыз және бейтаныс адамдардың нұсқауын орындамаңыз", – делінген ескертуде.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, соңғы уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық деректері жиілеп кеткен.

"Қаскөйлер өздерін байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, телефон нөмірінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Кейін өздерін eGov.kz порталының, мемлекеттік органның немесе банктің қызметкері ретінде таныстырып, қайта хабарласады. Олар жеке деректеріңізге қауіп төніп тұрғанын айтып, психологиялық қысым көрсету арқылы несие рәсімдеуге немесе ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Компания eGov.kz қызметкерлері ешқашан:

  • SMS арқылы келген кодты сұрамайтынын;
  • несие рәсімдеуді талап етпейтінін;
  • ақша аударуды сұрамайтынын еске салды.
"Егер сізге осындай қоңырау шалынса, әңгімені дереу тоқтатып, ешқандай нұсқауды орындамаңыз", – деп ескертті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанда азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін ресми қоңырауларды белгілеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы 2026 жылғы 21 шілдеде Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жүйе абоненттерге ресми қоңырауларды алаяқтардың қоңырауынан ажыратуға мүмкіндік береді. Банктерден, түрлі қызмет көрсетуші компаниялардан және басқа да ұйымдардан түсетін ресми қоңыраулар телефон экранында арнайы белгімен көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: