Қасым-Жомарт Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Президент аталған жол жобаларын іске асыруға ресми түрде рұқсат беріп, құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі.  Жаңа автожолдар өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобалар жүк тасымалын жеңілдетіп, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп күтілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 12:12 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 3 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы үш автожолдың құрылысына бастау берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт екеніне тоқталып, бүгін еліміз үшін стратегиялық мәні айрықша ауқымды жобалардың құрылысы басталатынын мәлімдеді.

"Жол – тіршіліктің күретамыры". Мемлекет осы саланы дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Баршаңызға белгілі, еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі көпір саналады. Батыс пен Шығыс арасында құрлықпен тасымалданатын жүктің басым бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Жалпы, елімізде бұл бағытта көптеген шаруа атқарылып жатыр. Былтыр "Достық – Мойынты" темір жолының екінші желісі іске қосылды. Соның арқасында жүк тасымалы көлемі 5 есе артты. Сондай-ақ Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісі жұмыс істей бастады, нәтижесінде жүк жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды. Ең бастысы, осындай ауқымды жобаларды өз мамандарымыз жүзеге асырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент аталған жол жобаларын іске асыруға ресми түрде рұқсат беріп, құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жаңа автожолдар өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобалар жүк тасымалын жеңілдетіп, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: