Ұлттық банктің бағалы қағаздар аукционы: не өзгерді
Фото: Zakon.kz
Құжатқа сәйкес, тазартылған алтынның бағасы мәміле жасалған күнгі теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы негізінде теңгемен айқындалады. Сондай-ақ бағаны есептеу кезінде Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (London Bullion Market Association) алтынға белгілеген таңғы және кешкі бағамдарының жеткізу айы бойынша орташа мәні және дисконт ескеріледі.
Дисконтқа мыналар кіреді:
- алтынды халықаралық нарықтарға экспорттауға жұмсалатын көлік шығындары;
- сатып алу және сату бағаларының айырмасын (bid-ask spread) қамтитын өткізу шығындары;
- сапаға байланысты жеңілдік. Ол сатып алынатын тазартылған алтын Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы бекіткен "Лондондық сапалы жеткізілім" (London Good Delivery) халықаралық стандартына сәйкес келмеген жағдайда қолданылады.
Сонымен қатар Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты аясында аукцион өткізу қағидалары да нақтыланды.
Егер деректерді берудің цифрлық жүйесінде техникалық ақау болып, Ұлттық банк бағалы қағаздарды кейін кері сату шартымен сатып алу аукционы туралы ақпаратты қатысушыларға цифрлық жүйе арқылы жібере алмаса, оны қағаз түрінде ұсынуға рұқсат етіледі.
Аукцион өткізілетін күні Астана уақытымен сағат 09:00-ден 11:30-ға дейін қатысушы аукциондық платформа арқылы уәкілетті бөлімшеге электронды өтінім береді.
Бәсекелі немесе бәсекесіз ұсынысы бар бір өтінімнің ең төменгі көлемі кемінде 50 млн теңге болуы керек.
Уәкілетті бөлімше Астана уақытымен сағат 12:00-ге дейін келіп түскен өтінімдерді жинақтап, аукционға қатысуға берілген өтінімдердің жиынтық тізімін жасайды.
Уәкілетті бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға Астана уақытымен сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін бағалы қағаздарды кейін кері сату шартымен сатып алу аукционы бойынша алынған деректер негізінде шекті мөлшерлеме мен қанағаттандырылатын өтінімдердің көлемі туралы шешім қабылдайды. Содан кейін аукционға қатысу үшін келіп түскен өтінімдердің жиынтық тізіміне қол қояды.
Уәкілетті бөлімше аукцион өткен күні Астана уақытымен сағат 18:30-дан кешіктірмей бағалы қағаздарды кейін кері сату шартымен сатып алу аукционының қорытындысын Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Егер деректерді берудің цифрлық жүйесінде техникалық ақау болып, Ұлттық банк бағалы қағаздарды кейін кері сатып алу шартымен сату аукционы туралы ақпаратты қатысушыларға цифрлық жүйе арқылы жеткізе алмаса, оны қағаз түрінде беруге рұқсат етіледі.
Аукцион өткізілетін күні қатысушы Астана уақытымен сағат 09:00-ден 11:30-ға дейін бағалы қағаздарды кейін кері сатып алу шартымен сату аукционына қатысуға өтінімді аукциондық платформа арқылы уәкілетті бөлімшеге электронды түрде береді.
Бәсекелі немесе бәсекесіз ұсынысы бар бір өтінімнің ең төменгі көлемі кемінде 50 млн теңге болуы керек.
Құжатқа басқа да өзгерістер енгізілді.
Қаулы 2026 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.