Қазақстанда медициналық көмек пен дәрі-дәрмек ақысы цифрлық теңгемен төленеді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, цифровой тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 10:36 Фото: Zakon.kz
ДСМ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында медициналық қызметтерге, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға цифрлық теңгені пайдалана отырып ақы төлеу тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты бойынша есеп айырысу, таңбалау және оның мақсатты пайдаланылуын бақылау тәртібі айқындалған.

Жобаның мақсаты – цифрлық теңгені пайдалана отырып есеп айырысу тетігін енгізу арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының ашықтығын, қадағалануын және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: