Полиция Қазақстан жүргізушілеріне мемлекеттік нөмірге қатысты ескерту жасады

Автоцон, специализированный центр обслуживания населения для автомобилистов, регистрация автотранспорта, госномер авто, номера машин, получение госномера, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 10:53 Фото: Zakon.kz
Таразда болған жағдай көлік жүргізушілерінің мемлекеттік нөмірдегі цифрларды көлемді етіп немесе сыртқы көрінісін басқаша өзгертуге бола ма деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 тамызда көлігінің мемлекеттік нөмірін өзгертемін деп заң бұзған жүргізуші туралы мәлімдеді.

"Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөміріне өз бетінше өзгеріс енгізілген Lada маркалы автокөлікті тоқтатты. Белгілі болғандай, жастар мемлекеттік нөмірдегі таңбаларды көзге қалың етіп көрсету және оның сыртқы көрінісін өзгерту үшін арнайы жапсырмалар жапсырған", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Жүргізушіге қатысты көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіленген үлгіге сәйкес келуге тиіс екенін еске салды. Оның сыртқы көрінісіне өз бетінше кез келген өзгеріс енгізу заң бұзушылық болып саналады және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

2026 жылғы 9 шілдеде Ішкі істер министрлігі кейбір мемлекеттік тіркеу нөмірлері белгілерінің нысандары мен үлгілерін өзгерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: