Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді: қай өңірде +42°С, қай аймақтарда жаңбыр жауады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 13:07 Фото: pixabay
Алдағы үш күнде Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейсе, елдің батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 5-7 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы ауа райына әсер етуін жалғастырады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей аудандарда бұршақ жаууы мүмкін".

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік өңірлерде ауа температурасы қалыпты деңгейде сақталады. Күндіз ауа температурасы +22...+27°С шамасында болады.

Ал батыс және оңтүстік өңірлерде аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіледі.

"Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен елдің батысында ауа температурасы +34...+39°С-қа, ал оңтүстігінде +37...+42°С-қа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде ауа температурасы +3°С-қа дейін төмендеп, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін екенін болжаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: