Демалыс қарсаңында қазақстандық жүргізушілерге маңызды ескерту жасалды

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 13:35 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 6 тамызда, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі елдегі танымал тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, 8 тамыз, сенбі күні сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін Қорғас – Алматы бағытында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі көлемді жүктің қауіпсіз тасымалдануына байланысты.

"Көрсетілген уақытта жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді", – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеуге түсіністікпен қарау және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау ұсынылды.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз. Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады", – деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол".

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 шілдеде, жүргізушілерге Қазақстанда ауыр салмақты көліктер үшін жазғы шектеулер қолданылатыны ескертілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: