Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде "бұзақы" жүргізушілерді қалай анықтауда

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 13:06 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылау күшейтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, полицейлер тәртіп бұзушыларды анықтауда келесі құралдарды пайдалануда:

  • ұшқышсыз ұшу аппараттары;
  • патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер;
  • орташа жылдамдығын бақылау;
  • лазерлік жүйелер.

Оның сөзінше, цифрлық технологиялар полиция қызметкерлеріне жол жүрісі қағидаларының бұзылуын анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Мәселен, ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын әуеден бақылайды. Олар жылдамдықты асырған және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілерді тіркейді. Ең бастысы дрондар құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер де жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар көлік ағынының арасынан ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын бұзу сияқты деректерді автоматты түрде анықтайды.

Қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі қолданылады. Қазіргі таңда бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылуда. Олар түнгі уақытта, ауа райы қолайсыз кезде және жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын анықтауда ерекше маңызды.

Цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият назар аударуына ықпал етеді.

"Аталған шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Біз үшін әрбір жүргізуші мен жолаушының жолда өзін қауіпсіз сезінуі маңызды", – деді ресми өкіл.

Бұған дейін ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: