Мемлекеттік кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пайда болады

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 12:43 Фото: Zakon.kz
Әділет министрі 2026 жылғы 31 шілдедегі бұйрықпен мемлекеттік кәсіпорынның үлгілік жарғысына тиісті толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа жаңа норма енгізілді. Оған сәйкес, байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндетін атқаратын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға белгіленеді.

Бұл ретте комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлері немесе оның міндетін атқаратын жауапты тұлға аталған мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі, атқарушы органы және өзге де алқалы органдарының құрамына сайлана алмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе оның міндетін атқаратын жауапты тұлға өз өкілеттігін кәсіпорынның атқарушы органы мен лауазымды тұлғаларына тәуелсіз жүзеге асырады. Олар байқау кеңесіне есеп береді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

Комплаенс-қызметтің немесе оның міндетін атқаратын жауапты тұлғаның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру тәртібі мен қағидалары мемлекеттік кәсіпорынның ішкі актісімен айқындалады. Бұл акт сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде әзірленеді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайтыны көзделген.

Бұйрық 2026 жылғы 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: