Аптап ыстық басылады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 10:21 Фото: pexels
Алдағы үш күнде Қазақстанда аптап ыстық басылып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын бірнеше барикалық құрылым қалыптастырады. Алдымен солтүстік циклон елдің батысынан шығысына қарай жылжып, найзағайлы жаңбыр мен екпінді жел әкеледі. Кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін", – делінген болжамда.

Синоптиктердің мәліметінше, 15 тамызда циклонның соңынан антициклон жылжи бастайды. Соның әсерінен батыс өңірлерде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

"Тек Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Оңтүстіктен соққан ауа ағындарының әсерінен күн көбіне жауын-шашынсыз болып, жоғары температуралық көрсеткіш сақталады. Күндіз ауа температурасы +37…+42°С-қа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 12 тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде ауа температурасы +43°С-қа дейін көтеріліп, найзағай ойнап, дауыл соғатынын ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: