Астанадағы тағы бір аудан толық газдандырылуы мүмкін

Газовая плита, газовые плиты, конфорки, газ, подача газа, отключение газа, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 15:07 Фото: pixabay
Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы Әділ Қынатов 2026 жылғы 14 тамызда мәслихат отырысында елорданың аудандарының бірін газдандыру қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әділ Қынатов "Байқоңыр" ауданында орналасқан "Өндіріс" тұрғын алабын газдандыру мәселесі өзекті болып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл тұрғын алапта шамамен 40 мың адам тұрады.

"Мұнда жеке үйлер өте көп. Қыста олар негізінен көмірмен жылытылады. Бұл қоршаған ортаға кері әсер етіп, "Байқоңыр" ауданында және жалпы қала бойынша атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін арттырады. Осыған байланысты бұл ауданды кешенді түрде газдандыру ұсынылып отыр", – деді спикер.

Инвестициялық жоба аясында 2120 әлеуетті абонентті газға қосуға мүмкіндік беретін газ тарату инфрақұрылымын құру жоспарланып отыр. Жоба тұрғын алаптағы шамамен 85 көшені қамтиды.

"Жоба "кілтпен" тапсыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Яғни барлық қаражат бюджеттен бөлінеді және тиісінше газ тарифін көтеру жоспарланып отырған жоқ. Жыл соңына дейін жобаны әзірлеп, келесі жылы оны іске асыруға кірісеміз. "Өндіріс" тұрғын алабын толық газдандырғаннан кейін, бізде газдандыру көрсеткіші 100 пайызға жетеді", – деп қорытындылады Әділ Қынатов.

Бұған дейін Астанада жеті автобустың бағытын өзгерту ұсынылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: