Астанада жеті автобустың бағытын өзгерту ұсынылды

Общественный транспорт в Астане, автобусы в Астане, автобусы Астаны, общественный транспорт Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 14:05 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин 2026 жылғы 14 тамызда мәслихат отырысында елордадағы қоғамдық көлікті дамыту жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асхат Қарағойшин халықтың өтініштеріне байланысты Астанада жеті автобус маршрутының қозғалыс сызбасын өзгертуді депутаттарға ұсынды.

Атап айтқанда, келесі маршруттар ұсынылды.

  • №67 – "Пригородный" тұрғын алабы – Ырыскелді Қажы мешіті;
  • №74 – "Ұлы Дала" даңғылы – "Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабы;
  • №76 – "Алай" базары – "Железнодорожный" тұрғын алабы;
  • №83 – "Өндіріс" тұрғын алабы – теміржол вокзалы;
  • №506 – Жансүгіров көшесі – Family Village коттедж қалашығы;
  • №507 – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – "Жағалау-4" тұрғын үй кешені;
  • №508 – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы.

Қарағойшиннің айтуынша, жаңа маршруттар халық арасында үлкен сұранысқа ие болады. Олар тәулігіне 30 мыңға дейін жолаушы тасымалдай алады.

Бұған дейін Жетісуда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: