Астанада сайлау күні автобустар мен LRT-де жол жүру тегін болады
Фото: akorda.kz
Астанада Құрылтай депутаттарын сайлау өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 17 тамызда City Transportation Systems компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарына хабарлады.
"23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау күні, Астананың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады", – делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, тегін жол жүру мүмкіндігі:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағыттарда;
- экспресс бағыттарда;
- қала маңындағы бағыттарда қолданылады.
Бұл шара азаматтардың қала ішінде қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуге және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Компания өкілдері жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрады.
Еске салайық, Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Сайлауға жеті партия жіберілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript