Оқушылардың Конституция туралы білімі қалай бағаланады
Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 18 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында жаңа пәндер бойынша оқушылардың білімі қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер жаңа оқу жылында 5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні, 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп", ал 5-11-сыныптарда "Жеке қауіпсіздік" міндетті оқу курстары енгізілетінін атап өтті. Осыған байланысты олар аталған пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіле ме деп сұрады.
"Бұл курстар вариативтік компонент аясында өткізіледі және бағаланбайды", – деді Шынар Ақпарова.
Бұған дейін, 2026 жылғы 17 тамызда Шынар Ақпарова "Алтын белгі" иегерлерін анықтау тәртібі өзгеретін-өзгермейтіні туралы айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript