Қазақстан қоғамдық дамудың жаңа сапасына көшуде – Жұлдызай Искакова

Қазақстан біртіндеп сандық өсімге бағытталған міндеттен адам әл-ауқаты, өмір сапасы және мүмкіндіктерді кеңейту басты орын алатын қоғамдық дамудың жаңа сапасына көшуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 14:15 Сурет: kisi.kz
Қазақстан біртіндеп сандық өсімге бағытталған міндеттен адам әл-ауқаты, өмір сапасы және мүмкіндіктерді кеңейту басты орын алатын қоғамдық дамудың жаңа сапасына көшуде.

Бұл туралы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ Басқарма төрайымы Жұлдызай Искакова Астанада өткен "Болашақ проекциясы: нәтижелерді пайымдаудан жаңа күн тәртібіне дейін" атты National Think Tank Forum-да мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдардағы өзгерістер экономика мен мемлекеттік институттарды ғана емес, қазақстандық қоғамның құрылымын да қамтыды. Қоғам урбандалған, цифрланған және мобильді бола түсуде, сонымен бірге әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейін сақтап отыр.

Негізгі трендтердің бірі – демографиялық трансформация. 2026 жылы Қазақстан халқының саны 20,5 млн адамға жетті, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасты құрады. Бұл ретте халықтың 64%-ы қазірдің өзінде қалаларда тұрады.

Ең ірі мегаполистерде халық саны ерекше қарқынмен өсіп келеді. Соңғы он жылда Астана халқының саны 870 мыңнан 1,6 млн адамға дейін, ал Алматы халқының саны 1,6 млн-нан 2,3 млн адамға дейін өсті.

Екінші маңызды тренд – әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейі. ҚҚДИ зерттеулеріне сәйкес, азаматтардың 84,1%-ы елдегі ахуалды қолайлы әрі тұрақты деп бағалайды, ал 85,8%-ы өз өміріне қанағаттанған. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын атап өткен, ал 60%-ы алдағы уақытта оң өзгерістер болады деп күтеді.


"Азаматтардың 61,5%-ы бүгінгі таңда өздерінің ата-аналары осы жаста болған кезеңмен салыстырғанда жақсырақ өмір сүріп жатырмыз деп есептейтіні айрықша назар аудартады. Бұл объективті жағдайлардың өзгеруімен қатар, азаматтардың қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді оң қабылдайтынын да көрсетеді", – деп атап өтті Жұлдызай Искакова.

Тағы бір маңызды үдеріс – цифрлық қоғамның қалыптасуы. Қазақстандықтардың 60,7%-ы жасанды интеллектіні ел дамуының негізгі салаларына белсенді интеграциялауды қолдайды, ал 29–45 жас аралығындағы азаматтар арасында бұл көрсеткіш 68,6%-ға жетеді. Қазірдің өзінде азаматтардың 43,6%-ы өз жұмысында жасанды интеллект негізіндегі заманауи құралдарды пайдаланады. Үй шаруашылықтарының 97,5%-ы интернетке қол жеткізе алады.

Жұлдызай Искакованың айтуынша, келесі кезең жекелеген әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерді бағалаудан қоғамдық даму сапасын кешенді өлшеуге көшуді көздеуі тиіс. Осы мақсатта ҚҚДИ Қоғам әл-ауқаты индексін әзірлеуде. Бұл индекс демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және институционалдық өзгерістердің нақты әл-ауқат пен адам үшін жаңа мүмкіндіктерге қаншалықты айналатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: