"Шымкент қызғалдағы" сайлаушыларды қарсы алды
Сурет: видеодан скриншот
Бүгін Шымкенттегі сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй қалыптасты. Қаланың символына айналған "Шымкент қызғалдағы" бейнесіндегі алып қуыршақ пен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері "Түркістан" сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындарды қарсы алды.
Ертегі кейіпкерлері мен "Шымкент қызғалдағы" сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, айтулы күннің маңызын айшықтай түсті. Олар дауыс беруге келген тұрғындармен бірге суретке түсіп, сайлау учаскесінде ерекше атмосфера қалыптастырды.
Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағы үшін таңдау жасады.
Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің болашағын айқындауға әрбір азаматтың атсалысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси науқан. Әрбір сайлаушы өз дауысын беру арқылы мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындауға үлес қосады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript