Қазақстандықтардың басым бөлігі Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты

Құрылтай, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 18:27 Сурет: Zakon.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов 2026 жылғы 23 тамызда ОСК-да өткен брифингте Құрылтай депутаттарын сайлауға қанша азамат қатысқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шавхат Өтемісовтің айтуынша, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 адам дауыс берген.

Бұл сайлаушылардың жалпы санының 72,15 пайызын құрайды", — деді ол.

Қазақстан бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны — 12 605 788 адам.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіші мынадай:

  • Абай облысы – 77,54%;
  • Ақмола облысы – 78,95%;
  • Ақтөбе облысы – 84,95%;
  • Алматы облысы – 70,04%;
  • Атырау облысы – 69,05%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 71,15%;
  • Жамбыл облысы – 83,99%;
  • Жетісу облысы – 89,69%;
  • Қарағанды облысы – 74,78%;
  • Қостанай облысы – 75,31%;
  • Қызылорда облысы – 88,09%;
  • Маңғыстау облысы – 70,61%;
  • Павлодар облысы – 69,99%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,14%;
  • Түркістан облысы – 90,17%;
  • Ұлытау облысы – 68,23%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 85,43%;
  • Астана – 49,87%;
  • Алматы – 41,06%;
  • Шымкент – 71,89%.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергені хабарланған болатын. Президент бұл күнді еліміз үшін тарихи күн деп атады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: