Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады

Бүгін, 28 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 10:35 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылдың 28 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Құрылтай отырысында сөз сөйлейді.

Мемлекет басшысының сөзі сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, дауыс беруге 9 351 539 азамат немесе сайлаушылардың 74,08%-ы қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партия 5 пайыздық межеден өтті. Олар – "Әділет", "Ауыл", Respublica, "Ақ жол" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Құрылтайдың құрамына бес жыл мерзімге сайланған 145 депутат енді. Бүгінгі отырыс жаңа өкілді органның бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: