Кертартпа әңгімелер мен әлеуметтік енжарлыққа ұрынбай, әрқашан алға сеніммен қарауымыз қажет – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:36 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және төл тарихты тұтас танудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл ең алдымен төл шежіремізді тұтас танып, оны халық жадында жаңғыртуды білдіреді.

"Тарих – ұлттың темірқазығы, халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оны жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өткенге өкпе артып, жігерді жасытудың өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсер ететінін атап өтті.

"Жігерімізді жасытып, кешегі күнге өкпе арта берсек, өскелең ұрпаққа қандай тәрбие береміз?! Біздің төл тарихымыз – қазіргі және келешек ұрпақтар мақтан тұтарлық бірегей жылнама", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының сан түрлі сынақ пен небір нәубеттен аман өтіп, қайсарлығы мен қаһармандығын паш еткенін айтты.

Президенттің сөзінше, санасы сергек, ойы азат ұлт өткен күннен сабақ алып, тарихын биікке көтереді және әрдайым алға ұмтылады.

"Әсіресе қазір еліміз жаңа тарихи өрлеу кезеңіне қадам басып жатқан кезде бұл ұстаным айрықша маңызды", – деп қорытындылады Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: