Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:48 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт тарихына қатысты деректерді бұрмаламай, шынайы көзқараспен зерделеу маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ұлттың жадын күмәнді деректермен және бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай әрекет өткенге деген сенімді әлсіретіп, болашаққа деген үмітке кері әсер етеді.

Президент Қазақстан тарихын тек нәубет пен азапқа толы кезеңдер арқылы қарастыруға болмайтынын жеткізді. Халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді ұмытпау қажет болғанымен, қайғы-қасіретті ұлттық болмыстың негізгі өзегіне айналдыруға болмайды.


"Ұлт тарихы тек жеңіліс пен сәтсіздіктерден тұрмайды, төл шежіремізде жарқын жеңістер мен жетістіктер аз болған жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлем тарихына, басқа халықтардың өткенімен қатар, Қазақстан тарихына да үстірт және біржақты қарауға болмайтынын айтты.

Оның пікірінше, тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуы керек. Бұл, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін маңызды.

Президент көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар бұл мәселенің маңызын жақсы түсінетініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: